• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болсын!!!

2016 жылғы 16 желтоқсанда Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын және 1986 жылғы Алматы қаласында өткен желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын атап өткелі отыр. Осы атаулы мерекелерге байланысты «Галилео» аударма агенттігі Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын құттықтап, ел іргесінің амандығына, бейбіт және тұрақты өмірге, тілі мен діні әр түрлі халықтар бірлігі мен достығының ажырамауына тілектестік білдіреді.  

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақытта ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа Елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жария етті. Кедендік одаққа мүше болдық.  Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми түрде танып, тату дипломатиялық қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуро­палық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне ие болдық.

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP