• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Алматы қаласындағы «Галилео» аударма агенттігі барлық қала тұрғындары мен қонақтарын наурыз мейрамымен құттықтайды

«Галилео» аударма агенттігі Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын жыл басы наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа жылда жаңа белестер, молшылық пен береке бірлік тілейді. Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтын күрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген Әз-Наурыз мейрамында «Галилео» аударма агенттігінің ұжымы баршаларыңызға жылдан жылға аман жетуге тілектестік білдіреді.

 «Галилео» аударма агенттігі барлық бұрынғы және жаңа тапсырыс берушілер мен тұтынушыларды жыл басы наурыздан бастап жаңа леппен, жаңа серпінмен жұмыс жасауға шақырады және іс құжаттары, құқық, медицина және ғылымның барлық салаларында оңтайлы бағамен сапалы аударма қызметтерін ұсынатынын естеріңізге салады.

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP