• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Алматы қаласындағы «Галилео» аударма бюросы Қарағанды облысы Шахан елді мекенінде орын алған қайғылы жағдайға байланысты барша қазақстандықтарға көңіл айтады.

1 қаңтар күні Қарағанды облысына қарасты Шахан қалашығында жылу қазандығының жарылуы салдарынан ауқымды апат орын алып, 9 адам қаза тауып, бірнеше адам әр түрлі жарақаттар алды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Алматы қаласындағы «Галилео» аударма агенттігі марқұмдардың отбасылары мен туған туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

1 қаңтар күні төтенше жағдай орнында кезекші болған жедел жәрдем қызметкерлерінің мәлімдеуінше қаза тапқандар:

1988, 1953 жылғы әйелдер;

1981, 1960 және 1957 жылғы ер адамдар;

2016 жылы дүниеге келген екі қыз бала, олардың біреуі шамамен алты айлық болған;

2010 жылғы бүлдіршін.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап түсті. ІІМ ТЖК алдымен екі адам қаза тапты деп мәлімдеп, кейін қайтыс болғандар саны тоғызға жеткенін хабарлады деп жарияланған qazaquni.kz ұлттық порталында.

Қазақстандықтар орын алған оқиғаға байланысты апаттан зардап шеккендерге көмек қолдарын созып, мүмкіндігінше көмек көрсетіп отыр. Өз тарапымыздан барлық зардап шеккендер мен қаза  тапқандардың туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP