• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

«Галилео» аударма агенттігі барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылмен құттықтайды!!!

Алматы қаласындағы «Галилео» аударма агенттігі барша қазақстандықтарды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтайды. Жаңа жылда жаңа табыстар мен белестер, жаңа жетістіктер, зор денсаулық, елімізге амандық, отбасыларға береке мен ынтымақ, әлемге бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз.

Өткен 2016 жыл «Галилео»  аударма агенттігі үшін сәтті және жемісті жыл болды. Осы жылы жаңа серіктестермен жұмысты қолға алып, аударма жұмыстарының көлемі  бойынша агенттік ішінде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бұл біз өзін зор қуаныш болып табылады. Осындай жетістіктер мен жақсылықтар 2017 жылы да жалғасын табады деген сенімдеміз.

2017 жыл Ұлы дала елі үшін тарихи тұрғыда аса маңызды белестердің бірі болмақ, елеулі саяси және әлеуметтік оқиғалармен қатар, осы жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіліп, жер шарынан түкпір-түкпірінен энергетика саласындағы жаңалық жаршыларының басын біріктіреді. Осы тұрғыда ауызша және жазбаша сапалы аударма жұмыстарына қажеттілік те арта түседі. Еліміз үшін аса маңызды осы іс-шараға теңізге қосылған тамшыдай үлесімізді қосу біздің аударма агенттігі үшін зор қуаныш.

Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP