Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесін тойлау 2001 жылы желтоқсанның 1 жұлдызында президенттің ең алғашқы рет сайлау арқылы еліміздің президенті болып сайлануымен байланысты белгіленген күн. Мереке елімізде тұңғыш рет 2013 жылы атат өтілді.
Биылғы жылы осы мемлекеттік мереке ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласында 1986 жылы өткен «Желтоқсан оқиғасымен» тұспа-тұс келіп отыр. Осы үш оқиғаны бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды, себебі біздің егеменді ел болып, осы ширек ғасыр уақыт ішінде әлем танитын деңгейге жетіп дамуымызға бастама және себепші болған аталған жағдайлар.
Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолынан қысқаша деректер бере кетейік. Егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.
Н.Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған.
«Галилео» аударма бюросы баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтап, елімізге тыныштық пен бейбітшілік, экономикалық даму мен тұрақтылық тілейді!