• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Әлем тілдері туралы деректер

Дүние жүзінде халық саны, соған орай тілдер де көп. Ғалымдар қазіргі уақытқа дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.1980 жылы Германия Федеративті  Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен.

Қазір дүние жүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады.  Қолданушылардың саны 50 миллионнан асатын 13 тіл бар екен. Аталған тілдерді санының аз-көптігіне қарай жіктейтін болсақ, реті мынандай болады: қытай тілі,  һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына қосылды. Осы орайда «Галилео» аударма агенттігі қазақ, орыс, ағылшын, неміс түрік, итальян, араб, украин, француз және басқа да көптеген тілдерден сапалы жазбаша және ауызша аударма қызметтерін ұсынады. Әр тілдің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, түпнұсқаларға дәлме-дәл аударма қызметтері аударма агенттігі жұмысының басты мақсаттарының бірі болып табылады.  

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP