• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Елбасының кезекті жолдауы халыққа жол тартты

Жаңа жылдың алғашқы айында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі түрде жолдауын жария етті. Ел халқының әр жыл сайын жолдауды халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірі мен ахуалына қандай өзгерістер әкелуі мүмкін деген оймен асыға күтетіні жасырын емес. Биылғы жолдаудың тақырыбы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған және «Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп мәлімдеген елбасы.

Қазіргі кезде жолдау барлық ақпарат тарату көздеріне жарияланып, жолдауда анықталған 5 басымдық көптеген мекемелер мен ұйымдарда талқыға салынып, халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілу үстінде.

Өз жолдауында Мемлекет басшысы 5 негізгі басымдықты атап көрсеткен. Олар: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы аталған 5 басымдық Президенттің айтуынша «экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге» мүмкіндік береді. Жолдауда Үкіметке, барлық деңгейлердегі әкімдерге, барлық атқарушы билік органдарына жүктелетін міндеттер нақты қойылған.

Өз жолдауында мемлекет басшысы асымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуға баса назар аудара отырып, индустрияландыруды жалғастыру міндетін белгілеген. Бұл үшін өңірде сыртқы нарықтарға өндірілетін өнімдерді дамыту мен өткізу бойынша жұмыстар қарқынын арттыру талап етіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанда өндірілген өнімдер әлемдік нарықта сұранысқа ие, оны ел аумағынан тыс жерлерде ұсынуға жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP