• + 7 707 872-12-61,
  • + 7 707 872-12-62,
  • + 7 (727) 279-90-54,
  • + 7 707 872-12-66

Аударма – күннің өзекті тақырыбы

Википедия деректеріне сүйенсек, аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Жер бетіндегі халықтар мен ұлттардың бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүруі үшін аударма қызметтерінің маңызы зор екені баршаға аян.

Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы бір-бірімен араласып, халықтар арасындағы қатынас қалыптасады.

Қазіргі кезде аудармашыларға, оның ішінде, өзге тілдерден мемлекеттік тілге тәржіма жасайтын аудармашыларға қатысты сын көп. Көшелерге орналастыратын жарнама материалдарынан, тауарлардағы затбелгі қағаздарынан, сонымен қатар, көптеген іс қағаздарының беттерінен сапасыз аударма байқауға болады. Оның көптеген себептерінің бірі, көптеген ұйымдар мен мекемелердің құжаттар мен іс қағаздарының қазақ тіліндегі үлгілерінің болуын міндетті жағдай емес, тек артық «қағазбастылық» деп есептеуі болуы да ықтимал.

Түпнұсқа тілінің барлық иірімдері мен айшықтарын сақтаған сапалы аударма жетістікке қол жеткізудің кілті. Осы тұрғыда «Галилео» аударма агенттігі Алматы қаласында сапалы аударма қызметтерін ұсынады. Іс қағаздары мен құжаттардың мемлекеттік тілге дәл мағынасы сақталған, грамматикалық тұрғыдан қатесіз аудармалары мекеме жұмыстарын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді.

← Назад
Вам позвонить? Узнать стоимость
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP